«Валента Фарм» АҚ
«Валента Фарм» АҚ – жаңа бірегей препараттарды әзірлеуге және өндіруге бағытталған ТМД-дағы ең инновациялық фармацевтикалық компаниялардың бірі болып табылады.
«Валента Фарм» иммунология, вирусология және бактерияға қарсы терапия, психоневрология, гастроэнтерология, урология және т. б. сияқты терапевтік бағыттарда рецепт бойынша және рецептсіз босатылатын препараттарды әзірлеумен, өндірумен және нарыққа шығарумен айналысады.
Компанияның портфолиосы инновациялық препараттармен де, брендтелген дженериктермен де теңдестірілген түрде ұсынылған және 90-нан астам дәрі-дәрмектерді қамтиды. Компанияның өнім желісі Ингавирин®, Граммидин®, Диоксидин®, Тримедат®, Феназепам® және Пантокальцин® сияқты танымал брендтермен ұсынылған.
«Валента Фарм» компаниясы ғылыми-зерттеу қызметіне және өнім портфелін дамытуға, сондай-ақ денсаулыққа арналған медициналық жобалар мен инновацияларға белсенді инвестиция салуда.
«Валента Фарм» компаниясы Ресейдің 57 қаласында жұмыс істейді, сонымен қатар Қазақстанда, Беларуссияда және Өзбекстанда өз өкілдіктері бар.