17-18 маусым 2023
«Оториноларингологияның өзекті мәселелері» Республикалық форумы
Casos-2023 2-ші Халықаралық конгресімен бірлесіп
Алматы, Intercontinental, Желтоксан 181, Бетпе-бет кездесу
Құрметті достар мен әріптестер!

Сіздерді 2023 жылдың 17-18 маусымда Қазақстан Республикасы Алматы қаласында өтетін «Оториноларингологияның өзекті мәселелері» Республикалық форумына шақырамыз. Конгресс Орталық және Батыс Азия елдерінің Оториноларингология және бас және мойын хирургиясы қауымдастығының (CASOS) 2-ші Халықарлық конгресімен бірлесіп өтеді. (Republican forum «Topical questions of otorhinolaryngology» & 2st International Congress of Otorhinolaryngology Society (AOS) and Central and West Asian ORL HNS Association (CASOS)».

Іс-шарада Қазақстан, Түркия, Ресей, Еуропа, орталық және Батыс Азия, Оңтүстік Корея және басқа елдерден шақырылған халықаралық кәсіби қоғамдастық мойындаған пікір көшбасшылары кездеседі.

Форумның ғылыми бағдарламасы келесі бағыттар бойынша секцияларды қамтиды: отохирургия, ларингология, аденотонзиллярлық патология, FESS ринохирургиясы, фониатрия, отоневрология және кенеттен саңырау, ҚМТ радиологиясы, ринопластика және басқалар.

Форум аясында Қазақстан Республикасының оториноларингологтар қауымдастығының қолдауымен Қазақстанның жас ғалымдар дәрігерлері қоғамының бірінші съезі ұйымдастырылып және жас ғалымдардың қатысуымен баяндамалардың жеке секциясы бөлінді.

Форум достас елдердің әріптестерімен кәсіби қарым-қатынас жасау, ақпарат алмасу, жаңа достар табу және өздерінің ғылыми және практикалық дағдыларымен бөлісу үшін бірегей кеңістік болуға арналған.

Қазақстанның барлық медициналық ҚМТ қауымдастығы үшін орасан зор шараға қатысу және жаңа білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз
Төлебаев Райс Қажкенұлы
«Астана медицина университеті» КЕАҚ оториноларингология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан оториноларингологтар қауымдастығының президенті, м.ғ.д., профессор
Алғы сөз
отохирургия,
ларингология,
аденотонзиллярлы патология,
FESS ринохирургиясы,
Сала мамандары:
ІС-ШАРА ТУРАЛЫ
БІЗ КІМДІ КҮТЕМІЗ
фониатрия,
отоневрология және кенеттен саңырау,
сурдология,
ринопластика және басқалары.
ФОРУМ КОМИТЕТІ
ФОРУМ ТӨРАҒАСЫ:
  • ТӨЛЕБАЕВ РАЙС ҚАЖКЕНҰЛЫ
    «Астана медицина университеті» КЕАҚ оториноларингология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан оториноларингологтар қауымдастығының президенті, м.ғ.д., профессор

    Қазақстан
ФОРУМНЫҢ ТЕҢ ТӨРАҒАЛАРЫ:
  • ОЗГУР ЙИГИТ (OZGUR YIGIT)
    Түрік Оториноларингология, бас және мойын хирургиясы Қауымдастығының Бас хатшысы, СБУ Стамбул оқу-зерттеу ауруханасының дәрігері, м. ғ. д., профессор

    Түркия
  • ТАУКЕЛЕВА СӘУЛЕ АЙДАРАТҚЫЗЫ
    «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің дипломнан кейінгі білім беру оториноларингологиясы курсының меңгерушісі, м. ғ. д., профессор

    Қазақстан
  • Мұхамадиева ГҮЛМИРА АМАНТАЙҚЫЗЫ
    «Астана Медицина Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ҚМТ аурулары кафедрасының профессоры, № 1 көпсалалы қалалық аурухананың Оториноларингология орталығының басшысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас оториноларингологы, м. ғ. д.

    Қазақстан
ФОРУМНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:
  • ХАШИМЛИ РАМИЛЬ (RAMIL HASHIMLI)
    А. Әлиев атындағы Әзірбайжан мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты кафедрасының доценті, Әзірбайжан оториноларингологиялық қоғамының Басқарма мүшесі, Орталық және Батыс Азия елдерінің Оториноларингология және бас және мойын хирургиясы қауымдастығының (CASOS) Бас хатшысы, м. ғ. к.

    Әзірбайжан
ФОРУМ ХАТШЫСЫ:
  • ТОҒЫЗБАЕВА ДИНАРА ЕРКЕНҚЫЗЫ
    «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің дипломнан кейінгі білім беру оториноларингологиясы кафедрасының аға оқытушысы, «Медеу» оториноларингологтар Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, м. ғ. к.

    Қазақстан
Ұйымдастырушылар
«Медеу» оториноларингологтар Альянсы» қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасының Оториноларингологтар Қауымдастығы
Орталық және Батыс Азия елдерінің Оториноларингология және бас және мойын хирургиясы қауымдастығы (CASOS)
БІЗДІ ҚОЛДАДЫ
«Астана Медицина Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мемлекеттік емес білім беру мекемесі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті , Денсаулық сақтау саясаты және оны ұйымдастыру кафедрасы. Медицина және Денсаулық сақтау факультеті